Сәрсенбі, 6 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    11°C
    • Астана
      14°C
Ру

Павлодарда әскери бөлімде атыс: бір сарбаз қаза тауып, екіншісі жараланды

Фото көзі: ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Сәуір 16, 2026, 11:47 Т.Ж.
0
15

Павлодар қаласындағы Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің бірінде атыс болып, салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші қаза тапты, тағы бір әскери қызметші жарақат алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап ZontNews.kz. хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, келісімшарт негізінде қызмет атқарған әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды, ал тағы бір әскери қызметші жарақат алған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен сарбазға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу департаментінің бақылауында.

ІІМ өкілдері тек ресми дереккөздерге сүйеніп, расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз