Сәрсенбі, 12 Тамыз 2026 г.

$ -
-
-
  • Алматы
    35°C
    • Астана
      26°C
Ру

«Отбасы банкте» заң бұзушылық әшкере болды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 12, 2026, 10:25 Т.Ж.

«Отбасы банк» қызметкерлері тұрғын үй кезегін заңсыз жылжытып, риелторлар, нотариустар мен клиенттерден мәселені шешіп бергені үшін ақша алған. Анықталған фактілерден кейін бірнеше қызметкер жұмыстан шығарылып, материалдар құқық қорғау органдарына жолданған, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Банк басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, заңсыз әрекеттердің салдарынан клиенттерге шығын келмеген. Кезектегі мәртебесі өзгертілген азаматтарға тұрғын үй берілмеген, яғни банк мәселені дер кезінде анықтап, оның алдын алған.

Бұл туралы «КТК» телеарнасы хабарлады. КТК арнасының материалы

Сонымен қатар банк басшылығы әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасының тамыз айының соңына дейін іске қосылатынын мәлімдеді. Бағдарлама мемлекеттік емес, тартылған қаржы есебінен жүзеге асырылады.

Жаңа бағдарлама бойынша баспана таңдауға шектеу қойылмайды. Бұған қоса, ипотекаға алынатын тұрғын үйдің пайдалану мерзіміне қатысты талап өзгерді. Бұған дейін үйдің жасы 50 жылдан аспауы керек болса, енді бұл көрсеткіш 60 жылға дейін ұлғайтылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз