Ораза айт намазы - 2026: Қазақстан өңірлеріндегі нақты уақыт кестесі
Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы 2026 жылғы Ораза айт намазының өңірлер бойынша оқу уақытын жариялады. Биыл әр аймақта намаз таңғы сағаттарда өткізіледі, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Астана қаласы - 7:15
Алматы қаласы - 7:00
Шымкент қаласы - 7:15
Абай облысы - 7:00
Ақмола облысы - 7:15
Ақтөбе облысы - 8:30
Алматы облысы - 7:00
Атырау облысы - 8:30
Батыс Қазақстан облысы - 8:30
Жамбыл облысы - 7:15
Жетісу облысы - 7:00
Қарағанды облысы - 7:15
Қостанай облысы - 7:30
Қызылорда облысы - 7:30
Маңғыстау облысы - 8:30
Павлодар облысы - 7:00
Солтүстік Қазақстан облысы - 7:15
Түркістан облысы - 7:15
Ұлытау облысы - 7:30
Шығыс Қазақстан облысы - 7:00
Ораза айт - мұсылмандар үшін ең қасиетті мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуымен қатар келеді. Бір ай бойы ораза ұстап, рухани тұрғыда тазарған мұсылмандар осы күні Аллаға шүкіршілік етіп, қуанышпен қауышады.
Айт намазының басты мәні - Жаратушыға алғыс айту, қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайту. Бұл күні мешіттерде жамағат жиналып, бір-біріне ізгі тілектер айтып, кешірім сұрап, татулыққа шақырады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз