Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    26°C
    • Астана
      16°C
Ру

Олжас Бектенов инвестиция тарту жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді

Фото көзі: ҚР Үкіметі
Zontnews.kz
Қыр. 17, 2026, 9:25 Т.Ж.

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жаңа инвестициялық циклды іске қосу аясында берген тапсырмаларына сәйкес, инвестиция тарту және жобаларды сүйемелдеу жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Жиында инвесторлармен өзара іс-қимылды жобаның барлық кезеңінде күшейту, келісу рәсімдерінен өту мерзімдерін қысқарту және жаңа жобаларды іске қосуды жеделдету мәселелері қаралды. Сонымен қатар іске қосылған жобаларды кеңейту, масштабтау және экспортқа шығару бағыттарына назар аударылды.

Инвесторлар мен мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдететін цифрлық құралдарды енгізу, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы инвестициялық саясатты белсенді жүргізу мәселелері де талқыланды.

Кеңес қорытындысында Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, инвестиция тарту жүйесін жетілдіру бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Олжас Бектенов жаһандық капитал үшін бәсеке күшейген жағдайда Қазақстанда болжамды әрі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз