Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    30°C
    • Астана
      21°C
Ру

ОАР мен Канада 1/16 финалда кездеседі

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 25, 2026, 10:06 Т.Ж.

2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі шешуші матчтардан кейін плей-оффтың алғашқы жұбы белгілі болды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

А және В топтарындағы ойындар қорытындысы бойынша 1/16 финалда Оңтүстік Африка Республикасы мен Канада құрамалары кездеседі. ОАР өз тобында екінші орын алса, Канада В тобын екінші сатыда аяқтады.

Командалар арасындағы матч 28-інен 29 маусымға қараған түні өтеді. Бұл кездесу әлем чемпионаты тарихындағы алғашқы 1/16 финал ойыны болмақ.

Шешуші турда ОАР құрамасы Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңсе, Канада Швейцарияға 1:2 есебімен есе жіберіп, қарсыласына топтағы бірінші орынды иеленуге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Оңтүстік Африка Республикасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алып отыр.

Қазіргі таңда 1/16 финалға Канада, ОАР, Мексика, Швейцария, Босния және Герцеговина, Бразилия, Марокко, АҚШ, Германия, Франция, Норвегия, Аргентина және Колумбия құрамалары шықты.

25-інен 26 маусымға қараған түні өтетін ойындардан кейін плей-оффқа жолдама алатын тағы бірнеше команда анықталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз