Нәрестесін 800 мың теңгеге сатпақ болған
Түркістан қаласының 24 жастағы тұрғыны жаңа туған қызын 800 мың теңгеге сатуға әрекет жасаған. Қылмыстық әрекет әшкереленіп, әйел сотталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Тергеу мәліметінше, материалдық қиындықтарға тап болған әйел жүктілік кезінде интернеттен бала асырап алуға ниетті адам іздеген. Ол сатып алушымен келісіп, дүниеге келген қызын ақшаға беруге уағдаласқан.
2026 жылғы 28 наурызда әйел Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығында дені сау қыз босанған. 31 наурызда Павлодардағы пәтерлердің бірінде ол нәрестені медициналық құжаттарымен бірге сатып алушыға беріп, 100 мың теңге алған. Осы сәтте құқық қорғау органдарының жедел іс-шарасы жүргізілді.
Сот әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігімен («Кәмелетке толмағандар саудасы») кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Алайда Қылмыстық кодекстің 74-бабы негізінде жазаны өтеу 5 жылға кейінге қалдырылды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз