Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    6°C
    • Астана
      -4°C
Ру

Мұхтар Мағауиннің мұрасын зерттейтін қор құрылды

Фото көзі: : ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Наурыз 6, 2026, түсқайта
0
12

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті тарихшы әрі әдебиеттанушы Мұхтар Мағауиннің шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған арнайы қор құрылды. Бұл туралы ирантанушы әрі журналист Қуанышбек Қари әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Оның айтуынша, қор өз жұмысын ресми түрде бастап, интернеттегі парақшасын да ашқан. Онда жазушының шығармашылығы туралы материалдар, естеліктер мен пікірлер жарияланып, оқырмандар мен зерттеушілер үшін ортақ алаң қалыптастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде жазушыға қатысты жарияланымдарда қордың парақшасын белгілеп, ақпарат бөлісуге мүмкіндік бар.

Қордың негізгі мақсаты – Мұхтар Мағауиннің әдеби мұрасын сақтау, ғылыми тұрғыда зерттеу және оны халықаралық деңгейде кеңінен таныту. Осы бағытта зерттеу жобалары, шығармаларды аудару, баспа жұмыстары мен мәдени бастамалар жүзеге асырылмақ.

Айта кетейік, Мұхтар Мағауин 2025 жылдың қаңтар айында 85 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол – Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сондай-ақ Түркияның «Түрік дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері. Жазушы Улан-Батордағы Халықаралық Шыңғыс хан академиясының құрметті академигі болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз