Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      20°C
Ру

Мәскеу соты Азамат Қапенов пен оның інісіне халықаралық іздеу жариялады

Фото көзі: коллаж Ulysmedia
ZontNews.kz
Маусым 12, 2026, 2:30 Т.Қ.

Мәскеу соты Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов пен оның інісі Медер Қапеновті сырттай қамауға алып, халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ағайынды Қапеновтер «ПТД» ЖШС-нің 25 пайыз үлесін заңсыз иемденді деп күдікке ілінген. Олар кәсіпкер Анатолий Балушкинге корпоративтік және қаржылық дауларды реттеуге көмектесеміз деп уәде беріп, 2021 жылдың мамыр айында компания үлесін Медер Қапеновтің атына рәсімдеткен. Кейін олар байланысын үзген, ал кәсіпкер Ресейдің құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.

Іс бойынша келтірілген шығын көлемі шамамен 52 млн рубль деп бағалануда.

Тергеу барысында Азамат Қапеновке қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және ақша жымқыру фактілері де тағылған. Ол жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде үлестес компанияларға заңсыз артықшылық беріп, нәтижесінде «ҚазТемірТранс» АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам залал келтірілгені айтылуда.

Сот шешімімен Қапеновтерге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Олар ұсталған жағдайда дереу қамауға алынады.

Анатолий Балушкин – «Азия Авто – БИПЭК» компаниялар тобының негізін қалаушы. Бұған дейін Қазақстанда Балушкин мен оның серіктесі Ерік Сағымбаев алаяқтық және салықтан жалтару баптары бойынша сырттай сотталған. Балушкин 9 жылға, Сағымбаев 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз