Ұлытауда 8 наурызға орай көпбалалы аналарға біржолғы төлем жасалады
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлытау облысында көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы ZontNews.kz хабарлайды.
Өңірлік мәслихат бекіткен қағидаларға сәйкес, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған әйелдерге 20 мың теңгеден төленеді. Аталған санатқа жататын аналардың саны – 9 375. Жалпы бөлінген қаражат көлемі 187,5 миллион теңгеден асады.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде облыста 110 928 әйел мен қыз-келіншек тұрады, бұл өңір халқының 50,7 пайызына тең. Аналарды қолдау және олардың қоғамдағы рөлін күшейту өңірдің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі екенін Ұлытау облысы әкімдігі атап өтті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз