Құрбан айт алдында Қазақстанда мал бағасы күрт өсті
Құрбан айт қарсаңында Қазақстанда құрбандыққа шалынатын мал бағасы айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды ZontNews.kz. Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Сарапшылардың айтуынша, елде мал басы көбейгенімен, жем-шөп, тасымал, күтім және базар шығындарының өсуі бағаның арзандауына мүмкіндік бермей отыр.
Наурыз айының соңындағы мәлімет бойынша қойдың орташа бағасы 77 мың теңге болса, қазір кей өңірлерде ол 100–150 мың теңгеге дейін жеткен. Ірі қара мал бағасы 630 мыңнан 945 мың теңгеге дейін көтерілген.
Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы алғаш рет бірыңғай онлайн құрбандық платформасын іске қосты. Енді қазақстандықтар арнайы сайт арқылы үйден шықпай-ақ құрбандық шала алады.
Qurban Muftyat платформасында мал таңдау, онлайн төлем жасау, тапсырыс мәртебесін бақылау және фото-видео есеп алу қызметтері қолжетімді. Төлем Kaspi QR арқылы жүргізіледі.
Платформадағы бағаға сәйкес, Астанада қой 125 мың теңге, Алматыда 120 мың теңге, ал Шымкентте 150 мың теңгеге дейін сатылып жатыр.
Биыл Құрбан айт 27–29 мамыр аралығында өтеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз