Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    6°C
    • Астана
      -4°C
Ру

Кәсіпкер әйелдер Конституцияны қолдайды

Фото көзі: : ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Наурыз 4, 2026, 6 Т.Қ.
0
14

Бүгін Астана қаласында «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» атты форум өтті. Іс-шара барысында қоғамдағы әйелдердің белсенділігі, олардың экономикалық даму мен саяси үдерістерге қосып отырған үлесі, сондай-ақ жаңа Конституция жобасы талқыланды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Форумға қатысқан Ұлытау облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, мәслихат депутаты, Amanat партиясының облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының кеңесшісі Гүлмира Қаженова аймақтағы кәсіпкер әйелдер жаңа Конституция жобасын қолдайтынын айтты.

Оның сөзінше, жаңа Конституция жобасы кәсіпкерлер үшін саяси құжат қана емес, экономикалық еркіндік пен тұрақтылықтың кепілі болмақ. Әділеттілік, заң және тәртіп қағидаттарының Ата Заң деңгейінде бекітілуі бизнеске құқықтық сенімділік береді. Ал мұндай тұрақтылық кез келген экономикалық жеңілдіктерден маңызды.

Сондай-ақ ол құжатта әйелдер құқығына ерекше назар аударылғанын атап өтті. Тұрақты әрі түсінікті ережелер кәсіпкер әйелдерге жоспар құруға, инвестиция салуға және кәсібін кеңейтуге мүмкіндік береді. Оның пікірінше, әйелдердің дауысы ескерілген Конституция қоғам өміріне жақын әрі берік болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз