Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    22°C
    • Астана
      19°C
Ру

Колледждер құжат қабылдай бастайды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 23, 2026, 9:12 Т.Ж.

25 маусымнан бастап Қазақстандағы техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары талапкерлерден құжат қабылдауды бастайды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерге 140 мың грант бөлінген. Биыл техникалық мамандықтарға бөлінетін орын саны көбейтілді.

Талапкерлер құжаттарын eGov.kz порталы арқылы онлайн немесе колледжге барып электронды форматта тапсыра алады.

Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа қабылдау аттестаттағы міндетті және бейіндік пәндердің орташа балы бойынша конкурс негізінде жүргізіледі. Ал жұмысшы біліктілігіне түсушілер әңгімелесу нәтижесімен қабылданады.

Педагогикалық мамандықтарға үміткерлер эссе немесе диктант жазады. Медициналық және шығармашылық бағыттарға түсетіндер арнайы немесе шығармашылық емтихан тапсырады.

Құжат қабылдау мерзімі жұмысшы мамандықтары бойынша 27 тамызға дейін жалғасады. Орта буын мамандықтарына – 22 тамызға дейін, шығармашылық мамандықтарға – 20 шілдеге дейін, педагогикалық бағыттарға – 10 тамызға дейін, ал медициналық мамандықтарға талапкерлер білім деңгейіне қарай 10 немесе 15 тамызға дейін құжат тапсыра алады. Кешкі оқу бөліміне қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Министрлік колледждерге қабылдау кезінде Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы №261 бұйрығына сәйкес талапкерлердің жекелеген санаттары үшін квота қарастырылғанын да еске салды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз