Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      25°C
Ру

ҚМА: Дропперлер арқылы 112 млрд теңге заңсыз айналымға түскен

Фото көзі: : ҚМА
ZontNews.kz
Шілде 8, 2026, 12:35 Т.Қ.

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) жыл басынан бері елде ақшаны жылыстатумен айналысқан 33 дропперлік топтың қызметі тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  ZontNews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық схемаларды ұйымдастырған 40-тан астам адам анықталып, олар заңсыз әрекетке 500-ден астам азаматты тартқан. Тергеу деректеріне сәйкес, дропперлердің банк шоттары арқылы 112 млрд теңгеден астам заңсыз қаржылық операция жүргізілген.

Соңғы екі айдың өзінде мыңнан астам дроп-карта бұғатталған.

ҚМА Батыс Қазақстан облысында интернет-алаяқтықтан түскен қаражатты заңдастырумен айналысқан халықаралық дропперлік желінің жолы кесілгенін хабарлады. Тергеу барысында шамамен 17 млн теңге өткен банк шоттары бұғатталғаннан кейін ұйымдасқан топ мүшелері 18 жастағы шот иесін ұрлап әкетіп, күш қолданамыз деп қорқытып, шоттарға қолжетімділікті қалпына келтіруге мәжбүрлегені анықталған.

Осыған ұқсас қылмыстық схема Жетісу облысында да тіркелген. Әлеуметтік желідегі жұмыс туралы хабарландыруға сенген тұрғын интернет-алаяқтықтан түскен қаражатты өз банк шоттары арқылы қабылдап, кейін оны криптовалютаға айырбастап, ұйымдастырушыларға аударып отырған. Әр операция үшін комиссия алған.

Ал Түркістан облысында дропперлік схема Telegram арқылы жасырын куратордың басқаруымен ұйымдастырылған. Тергеу мәліметінше, студенттер мен кәмелетке толмағандар сыйақы үшін интернет-банкингке қолжетімділік беруге тартылып, соның салдарынан 20-дан астам жас қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр.

ҚМА азаматтарға дропперлік схемаларға қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін тағы бір мәрте ескертті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз