Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Хуситтер шабуылынан кейін Сауд Арабиясына бірқатар әуе рейсі тоқтатылды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қаз. 14, 2026, 8:45 Т.Ж.

Бірқатар араб елінің әуе компаниялары хуситтердің Эр-Рияд әуежайына жасаған шабуылынан кейін Сауд Арабиясына бағытталған рейстерін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ZontNews.kz. «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Шабуылға ұшыраған Король Халид атындағы халықаралық әуежай 17 қазанға дейін жұмыс істемейтіні айтылды. Осыған байланысты бірнеше әуе тасымалдаушы ұшу кестесіне өзгеріс енгізді.

Бахрейндік Gulf Air компаниясы 12–17 қазан аралығында Бахрейн мен Эр-Рияд арасындағы барлық рейсті екі бағытта да тоқтатты.

Qatar Airways Эр-Рияд пен Даммам қалаларына ұшатын рейстерін уақытша орындамайтынын хабарлады.

Etihad Airways Абу-Даби мен Эр-Рияд арасындағы рейстерді 19 қазанға дейін тоқтатты. Сондай-ақ Абу-Даби–Даммам бағытындағы бірқатар рейс және Жиддаға жоспарланған кейбір ұшулар кейінге шегерілді.

Kuwait Airways Король Халид атындағы халықаралық әуежайдың уақытша жабылуына байланысты Эр-Риядқа қатынайтын рейстердің тоқтатылғанын мәлімдеді.

EgyptAir әуе компаниясы да Каир мен Александриядан Эр-Риядқа ұшуды әуежай жұмысы қайта басталғанға дейін уақытша тоқтатты.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз