Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары қараусыз қалған сөмкеге байланысты эвакуацияланды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қаз. 28, 2026, 6 Т.Қ.

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары эвакуацияланды. Әлеуметтік желілерде ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарады. Жағдайға қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

28 қазанда әлеуметтік желі қолданушылары ҚазҰУ ғимараттарынан адамдардың эвакуацияланғанын хабарлады. Полиция мәліметінше, университет аумағынан қараусыз қалған сөмке табылған.

Оқиға орнына шұғыл қызметтер келіп, қауіпсіздік мақсатында студенттер мен оқытушыларды эвакуациялаған.

«Тексеру барысында сөмкенің студенттердің біріне тиесілі екені және оның ішінде оқу құралдары бары анықталды. Табылған зат ешқандай қауіп төндірмеген», – деп хабарлады полиция.

Алматы полициясы тұрғындарға қырағылығы үшін алғыс айтып, күдікті зат табылған жағдайда 102 нөміріне хабарласу қажеттігін еске салды. Мұндай заттарды өз бетінше ұстауға немесе орнынан қозғауға болмайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз