Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қаз. 22, 2026, 10:20 Т.Ж.

Қазақстанның бірқатар өңірінде 2026 жылдың 22 қазанында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктеріне сілтеме жасап ZontNews.kz хабарлайды.

  • Астана: Солтүстік-батыстан соққан желдің кей уақыттардағы екпіні 15-18 м/с құрайды.

  • Жетісу облысы: Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус суық болып, үсік жүреді. Шығысында төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  • Шығыс Қазақстан облысы: Жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қалың қар түседі. Батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын жүріп, желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде жауын-шашын (көбінесе қар) жауып, боран соғады, көктайғақ күтіледі, жел екпіні – 15-18 м/с.

  • Абай облысы: Жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын соғып, оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді. Семейде де қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, жел екпіні – 15-20 м/с.

  • Солтүстік Қазақстан облысы: Шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Батысында тұман, желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда аздаған жауын-шашын, көктайғақ болады.

  • Павлодар облысы: Жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Павлодарда да жауын-шашын, көктайғақ, тұман және күшті жел күтілуде.

  • Қызылорда облысы: Күндіз шығысында, орталығында шаңды дауыл соғып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде 2 градус үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады (оның ішінде Қызылорда қаласында).

  • Алматы облысы: Батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде солтүстігінде 1 градус үсік жүреді. Қонаевта жел 15-20 м/с болады.

  • Түркістан облысы: Таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстігінде, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с болып, түнде 2 градус үсік жүреді. Жоғары өрт қаупі сақталады (оның ішінде Түркістанда).

  • Жамбыл облысы: Таулы аудандарында тұман түсіп, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде батысында, солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

  • Қарағанды облысы: Солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз солтүстігінде, шығысында жел екпіні – 15-20 м/с. Батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  • Ақмола облысы: Солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда таңертең және күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

  • Батыс Қазақстан облысы: Солтүстігінде, шығысында (Оралда) түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

  • Қостанай облысы: Батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  • Маңғыстау, Атырау, Ұлытау, Ақтөбе облыстары: Маңғыстау, Атырау, Ұлытау (соның ішінде Жезқазғанда) және Ақтөбе өңірлерінің басым бөлігінде төтенше әрі жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз