Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      22°C
Ру

Қазақстанның батысында 43 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Фото көзі: : life.ru
ZontNews.kz
Маусым 17, 2026, 10:05 Т.Ж.

Синоптиктер 18-20 маусым аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының құбылмалы болатынын хабарлады. Бүл туралы ZontNews.kz. хабарлайды.

Метеорологтардың болжамынша, республика аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталық өңірлерінде кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар бұршақ жауып, желдің күшеюі мүмкін.

Ал 19-20 маусым күндері Қазақстанның батыс аймақтарында аптап ыстық орнайды. Бұл өңірлерде ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

Республиканың қалған бөлігінде температуралық фон айтарлықтай өзгермейді. Дегенмен синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз