Қазақстаннан 4 мың адам қажылыққа аттанады
Биыл Қазақстаннан шамамен 4 мың азамат қасиетті қажылық парызын өтеуге барады, деп хабарлайды ZontNews.kz. ҚМДБ сілтеме жасап.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы алғашқы қажылар тобының Мәдина қаласына аман-есен жеткенін хабарлады. Бұл топта 166 адам бар.
ҚМДБ мәліметінше, биыл барлық қажылардың денсаулығы арнайы құрылған қажылық миссиясының бақылауында болады. Дәрігерлер тәулік бойы кезекшілік атқарып, қажыларға тұрақты медициналық көмек көрсетеді.
Алдағы күндері еліміздің әр өңірінен тікелей рейстермен қажылар қасиетті мекендерге жол тартады. Ұйымдастыру жұмыстары толық бақылауға алынған.
ҚМДБ жанындағы қажылық миссиясы бес бағыт бойынша қызмет көрсетеді: ұйымдастыру-үйлестіру, уағыз-насихат, сұрақ-жауап және пәтуа беру, алғашқы медициналық көмек және ақпараттық қолдау.
Айта кетейік, биылғы қажылық маусымы 15 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді. Қажыларды тасымалдауды Air Astana, SCAT және Saudi Flyadeal әуе компаниялары жүзеге асырады. Рейстер Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан Жидда және Мәдинаға тікелей орындалады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз