Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    18°C
    • Астана
      18°C
Ру

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдік сақталады

Фото көзі: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Zontnews.kz
Шілде 20, 2026, 12:10 Т.Қ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарына берілетін мемлекеттік кепілдік сақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Әлеуметтік кодекске сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет бұрынғыдай кепілдік береді.

2026 жылдың қыркүйегінен бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100%-ын жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына бере алады. Бұған дейін мұндай мүмкіндік жинақтың 50%-ымен ғана шектелген болатын.

Министрлік жеке басқарушыны таңдаған жағдайда инвестициялық тәуекелдерге азаматтың өзі жауапты болатынын атап өтті. Ал консервативті инвестициялық тәсілді таңдаған салымшылар үшін негізгі басқарушы ретінде Қазақстан Ұлттық Банкі қала береді.

Ведомствоның мәліметінше, зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – азаматтарға еңбек өтілін ескеретін және БЖЗҚ-дан өмір бойы тұрақты төлемдерді қамтамасыз ететін тиімді әрі ашық жүйе қалыптастыру.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз