Қазақстандық оқушыларға сабақ кезінде смартфон қолдануға тыйым салынды
Қазақстан мектептерінде оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануға шектеу енгізілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Жаңа ережеге сәйкес, оқушылар оқу процесі кезінде смартфон қолданбайды. Ерекше жағдай - телефонды оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың қысқа мерзімді жоспарында пайдалану қажет болған кезде.
Ал үзіліс кезінде смартфон қолдануға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл мәселені әр мектеп өз ішкі тәртібі арқылы реттейді.
Сонымен қатар оқушылардың телефондарын қайда және кімге тапсыратынын да мектептердің өзі анықтайды. Мысалы, сыныпта арнайы орын немесе жеке жәшіктер қарастырылуы мүмкін.
Осылайша, негізгі талап барлық мектеп үшін ортақ болғанымен, смартфондарды сақтау және үзіліс кезіндегі қолдану тәртібін білім беру ұйымдарының өзі белгілейді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз