Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      22°C
Ру

Қазақстанды аптап пен нөсер қатар шарпиды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 15, 2026, 2:25 Т.Қ.

«Қазгидромет» синоптиктері 16-18 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  ZontNews.kz.

Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Жекелеген аймақтарда бұршақ түсуі де мүмкін.

16 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр күтіледі. Ал 18 маусымда нөсер жаңбыр Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында қайта жалғасады.

Сонымен қатар елдің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады. Күндіз оңтүстік-батыс пен оңтүстікте ауа температурасы +35...+40 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде де ыстық бәсеңдемей, сынап бағаны +35...+38 градусқа дейін жетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз