Қазақстанда жаңбыр мен қар жауады
«Қазгидромет» 6–8 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Атмосфералық фронттардың әсерінен алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.
Ел аумағында жел күшейіп, кей жерлерде көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде +2…+12, күндіз +17…+22 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде +3…+13, күндіз +5…+20 градус болады.
Шығыс және орталық аймақтарда түнгі температура 0…+7, күндіз +2…+15 градус шамасында сақталады.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде +5…+10, күндіз +17…+22 градусқа дейін жылынады. Таулы аудандарда түнде 0…+5, күндіз +9…+14 градус болжанады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз