Қазақстанда верификациядан өтпеген телефондарды сатуға тыйым салынады
Қазақстанда ұялы телефондарды сату тәртібі өзгереді. Енді верификациядан өтпеген құрылғыларды сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Жаңа талапқа сәйкес, сатушылар телефонды сатпас бұрын оның сәйкестендіру кодын тексеріп, сатып алушыға құрылғының верификация мәртебесін көрсетуге міндетті болады. Сонымен қатар чек немесе басқа да сатып алу құжатында құрылғының сәйкестендіру коды көрсетіледі.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, верификациядан өтпеген телефондар «сапасыз тауар» ретінде танылады. Мұндай жағдайда тұтынушы ақшасын қайтаруды, телефонды ауыстыруды, жөндеуді немесе бағаны төмендетуді талап ете алады.
Талаптар 2026 жылғы 20 маусымда жарияланған заң аясында енгізіліп отыр. Заң ресми жарияланған күннен кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз