Бейсенбі, 13 Тамыз 2026 г.

$ -
-
-
  • Алматы
    28°C
    • Астана
      24°C
Ру

Қазақстанда Telegram жұмысына қатысты ақау тіркелді

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 13, 2026, 6 Т.Қ.

Қазақстанда Telegram мессенджерінің жұмысында ақаулар жалғасып жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қолданушылардан мессенджердің қолжетімсіздігіне қатысты шағымдар түскен. Министрлік мамандары мәселені анықтап жатыр.

Ал «Қазақтелеком» компаниясы халықаралық пиринг нүктелерінде Telegram трафигінің күрт төмендегенін тіркеді. Атап айтқанда, Франкфурт пен Мәскеудегі негізгі нүктелерде мессенджер трафигі азайған.

Компанияның ішкі желісінде техникалық ақаулар анықталмаған. «Қазақтелеком» мәселенің себебін анықтау үшін Telegram әкімшілігіне ресми сауал жолдады.

Бүгін түстен кейін қазақстандықтар Telegram-ның жұмысындағы ақауларға жаппай шағымдана бастаған. Кей қолданушылар хабарлама жібере немесе қабылдай алмаса, енді бірінде медиафайлдар жүктелмеген және қосымша ашылмаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз