Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекке 1,3 трлн теңге бағытталды
Соңғы жеті жылда Қазақстанда азаматтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге шамамен 1,3 трлн теңге бағытталды. Осы кезеңде жыл сайын орта есеппен 3,3 млн пациент қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
2019–2025 жылдары тегін дәрі-дәрмекке бөлінетін қаржы 83 млрд теңгеден 272,9 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл ретте тегін препарат алатын азаматтардың саны 2,5 млн-нан 3,4 млн адамға артты.
2026 жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға 584,1 млрд теңге жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,6%-ға көп.
Сатып алу жүйесін жетілдіру нәтижесінде отандық өндірістің 66 дәрі-дәрмегінің бағасы төмендетіліп, бюджетке 10,3 млрд теңге үнемделді.
Биыл тікелей келісімшарт арқылы сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың саны 404 атауға жетті. 2025 жылы бұл көрсеткіш 182 атау болған.
Сонымен қатар БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және туберкулезбен күрес жөніндегі халықаралық тетіктер арқылы 32 атаудағы дәрі-дәрмек сатып алу көзделген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 23 атауды құраған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз