Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    31°C
    • Астана
      22°C
Ру

Қазақстанда мемлекеттік туды пайдалану ережелері жаңартылды

Фото көзі: ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 7, 2026, 9:10 Т.Ж.

Қазақстан үкіметі мемлекеттік туды пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Жаңа қаулыға сәйкес, азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттік туды патриоттық рухты, қазақстандық бірегейлікті және ел жетістіктерін насихаттау мақсатында тұрғын және тұрғын емес ғимараттарда, балкондарда (45 градус бұрышпен), сондай-ақ салтанатты іс-шаралар өтетін орындарда орналастыруға рұқсат етіледі.

Мемлекеттік тудың көлемі кез келген болғанымен, ол ұлттық стандарт талаптарына толық сәйкес болуы тиіс. Туды қорлау, әдейі бүлдіру, өртеу, жырту, жерге тастау немесе мемлекеттік рәміз ретіндегі қадір-қасиетін төмендететін кез келген әрекетке тыйым салынады.

Сондай-ақ мемлекеттік туды жарнамалық мақсатта немесе киім-кешек, төсек-орын, перде, дастарқан, кілемше секілді тұрмыстық бұйым ретінде пайдалануға болмайды.

Қағидаға сәйкес, жеке тұрғын үйлерде ту кемінде үш метр биіктікте ілінуі керек. Егер ғимараттың ерекшелігі мүмкіндік бермесе, оны ауладағы арнайы тұғырға (флагштокқа) орнатуға болады. Бұдан бөлек, ту жерге немесе суға тимеуі, тік күйде орналасуы, таза әрі бүтін болуы және мәдени, спорттық немесе қоғамдық іс-шараларда тек коммерциялық емес мақсатта қолданылуы қажет.

Сонымен қатар мемлекеттік туды жеке көлік құралдарының салонында да заң талаптарын сақтай отырып орналастыруға рұқсат етіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз