Қазақстанда медициналық инфрақұрылым белсенді жаңғыртылуда
Қазақстанда соңғы жеті жылда 1 259 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріліп, азаматтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1 трлн 284,8 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Жаңадан ашылған мекемелердің қатарында 32 аурухана, 19 емхана, 1 196 дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункт, үш ұлттық ғылыми орталық және өзге де тоғыз ұйым бар. Оның ішінде ауылдық жерлерде 655 медициналық нысан салынды. Нәтижесінде 200-ден астам ауыл алғаш рет жеке медициналық мекемеге ие болып, шамамен бір миллион тұрғын медициналық көмекті тұрғылықты жеріне жақын жерден алу мүмкіндігіне қол жеткізді.
2019–2025 жылдары тегін дәрі-дәрмекке бөлінетін қаржы 3,3 есе өсіп, препарат алатын азаматтардың саны 2,5 миллионнан 3,4 миллионға дейін артты. 2026 жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға 584,1 млрд теңге қарастырылған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9,6 пайызға көп.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз