Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Қазақстанда маңдайша ілу тәртібі өзгереді

Фото көзі: : Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты
ZontNews.kz
Қаз. 1, 2026, 2:25 Т.Қ.

2026 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда кәсіпкерлер үшін маңдайшаларды орналастырудың жаңа тәртібі енгізіледі. Енді маңдайша ілмес бұрын оның эскизін жергілікті атқарушы органмен келісу қажет, деп хабарлайды ZontNews.kz. Tengrinews.kz.-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін кәсіпкерлер маңдайша орналастыратыны туралы хабарлама жіберсе жеткілікті болған. Жаңа талап бойынша белгіленген нысанда өтініш беріп, оған маңдайшаның эскизін қоса тіркеу керек.

Жаңа мемлекеттік қызмет электронды форматта көрсетіледі. Өтінішті eGov немесе жергілікті әкімдіктердің сайттары арқылы онлайн тапсыруға болады. Сондай-ақ әкімдікке тікелей жүгінуге мүмкіндік бар.

Қызмет көрсету мерзімі төрт жұмыс күні.

Эскиз елді мекеннің дизайн кодына және тіл туралы заңнама талаптарына сәйкес болуы тиіс. Маңдайшаның көлемі, орналасуы, қасбет сәулетімен үйлесімі және тілдік рәсімделуі ескеріледі.

Талаптарға сәйкес келмейтін немесе құжаттары толық ұсынылмаған жағдайда маңдайшаны орналастыруға келісім берілмеуі мүмкін.

Жаңа тәртіп республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға, елордаға, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен кенттерге қолданылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз