Қазақстанда күн күрт салқындай бастайды
Қазақстанда 18–20 тамыз аралығында ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жаңбыр жауып, температура төмендейді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
«Қазгидромет» болжамынша, атмосфералық фронттар елдің басым бөлігіне жауын-шашын әкеледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал. 19–20 тамызда солтүстікте жаңбыр күшейсе, 20 тамызда нөсер орталық өңірлерге жетеді.
Солтүстікте күндіз ауа температурасы +17...+22 градусқа дейін төмендейді. Орталық пен шығыста +18...+30 градус шамасында болады.
Ал батыста ыстық сақталып, температура +30...+38 градусқа, Маңғыстау облысының кей жерлерінде +41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Оңтүстікте жауын-шашын күтілмейді. Мұнда ауа температурасы +30...+37, ал оңтүстік-шығыста +28...+35 градус шамасында болады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз