Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы тамызда іске қосылады: кімдер қатыса алады?
Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдерге арналған «Ұмай» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасын 2026 жылдың тамызында іске қосу жоспарланып отыр. Бағдарламаны жүзеге асыруға 45 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бағдарламаға соңғы 6 ай бойы ресми табысы мен зейнетақы аударымдары болған әйелдер қатыса алады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ипотеканың бастапқы мөлшерлемесі шамамен 15% болуы мүмкін, кейін ол 3,5–5%-ға дейін төмендейді.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
- ең жоғары несие сомасы – 50 млн теңге;
- несие мерзімі – 25 жылға дейін;
- 2016 жылдан кейін салынған жаңа немесе қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алуға болады;
- бастапқы жарна:
- ірі қалаларда – 20%-дан;
- басқа өңірлерде – 15%-дан.
Сондай-ақ екі қосалқы қарыз алушыны тартуға және алғашқы жарна үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндік бар. Бағдарлама арқылы алғашқы баспана алуға да, тұрғын үй жағдайын жақсартуға да болады.
Өтінімдер балдық жүйе бойынша іріктеледі. Депозиттегі қаражат көлемі мен оған есептелген сыйақы жоғары болған сайын, қатысушының баллы да артады.
Айта кетейік, «Ұмай» бағдарламасын Азия даму банкі қолдайды. Жалпы 90 млрд теңге әйелдерге арналған ипотека мен «жасыл» ипотеканы қаржыландыруға бағытталады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз