Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    28°C
    • Астана
      23°C
Ру

Қазақстанда егін орағы қарқын алды: өнімділік 1,7 есе өсті

Фото көзі: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Zontnews.kz
Шілде 20, 2026, 2:20 Т.Қ.

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде егін орағы науқаны басталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Қазіргі уақытта Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, Жетісу облысы және Шымкент қаласының диқандары егін жинауға кірісті.

Алдын ала мәлімет бойынша, бүгінге дейін 634 мың тонна дәнді дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарына 20,6 центнерді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге жоғары болды.

Бидайдан 461,2 мың тонна өнім жиналып, орташа өнімділік гектарына 19,1 центнерді құрады. Сондай-ақ 157,8 мың тонна арпа бастырылып, оның өнімділігі гектарына 17 центнерге жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары.

Егін орағын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өндірушілері қажетті техникамен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мемлекет тарапынан науқанға 401 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз