Қазақстанда 16 өңірге ескерту жарияланды
Қазақстанның 16 өңірінде 30 қыркүйекке ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар аймақта қатты жел, тұман, жаңбыр, найзағай және үсік күтіледі. Сонымен қатар көптеген өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Алматы облысы мен Алматы қаласы
Түнде облыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы мен Қонаевта да 30 қыркүйекте төтенше өрт қаупі жарияланды.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Таулы және бірқатар аудандарда түнде 4 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Өскеменде түнде ауа температурасы 2-4 градусқа дейін төмендеп, үсік күтіледі.
Абай облысы
Күндіз облыстың солтүстігі, оңтүстік-батысы мен орталығында солтүстік және солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде кей аудандарда 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Семейде күндіз солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысы
Күндіз кей аудандарда солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Көкшетауда түнде топырақ беті қатып, ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді.
Қарағанды облысы
Өңірдің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде кей аудандарда 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Қарағандыда таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін.
Ұлытау облысы
Солтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік және шығыс аудандарда оның екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы
Түнде облыстың солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Бірқатар ауданда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы
Өңірде жоғары өрт қаупі сақталса, оңтүстік аудандарда төтенше өрт қаупі жарияланған. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана
30 қыркүйекте күндіз солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады. Оның екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы
Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Кей аудандарда солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде солтүстікте топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында да осы уақыт аралығында тұман болуы ықтимал.
Маңғыстау облысы
Түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыста желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақтауда түнде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
Жамбыл облысы
Күндіз облыстың батысы, оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Таулы жерлерде түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз кей аудандарда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Петропавлда тұман күтіліп, түнде ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендейді.
Қызылорда облысы
Түнде облыстың шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде бірқатар ауданда 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Павлодарда түнде топырақ беті қатып, ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Қазгидромет мәліметінше, тұрғындарға ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шараларын ұстану ұсынылады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз