Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Қазақстан Сауд Арабиясындағы шабуылды айыптады

Фото көзі: : ҚР СІМ
ZontNews.kz
Қаз. 10, 2026, 9:46 Т.Ж.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хуситтердің Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған шабуылдарын қатаң айыптады, деп хабарлайды  ZontNews.kz. ведомство мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Бұл шабуылдар адам шығынына әкеліп, халықаралық құқық нормаларын бұзды. Мұндай әрекеттерге гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды. Олар Йемендегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіреді», – делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстан тарапы шабуылдарды дереу тоқтатып, дағдарысты тек саяси және дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.

Сондай-ақ еліміз Сауд Арабиясымен ынтымақтастық танытып, корольдіктің БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін мәлімдеді.

Еске салайық, 11 қазанда Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған зымыран шабуылынан кемінде 12 адам қаза тауып, 309 адам жарақат алды. Оқиғаға йемендік хуситтер жауапты деп танылды.

Қаза тапқандар арасында Сауд Арабиясының төрт, Бангладештің екі азаматы, сондай-ақ АҚШ, Мысыр, Иордания, Сирия, Палестина және Судан елдерінің бір-бір азаматы бар. Кейбір зардап шегушілердің жағдайы ауыр.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қаза тапқандар мен жараланғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз