Қазақстан мектептерінде жаңа міндетті пәндер енгізіледі
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде бірнеше жаңа міндетті пән мен курс оқытыла бастайды. Бұл туралы үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Министрдің айтуынша, 5–7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні, 8–11-сыныптарға «Заң және тәртіп» курсы енгізіледі. Сондай-ақ 5–11-сынып оқушыларының барлығы «Жеке қауіпсіздік» міндетті курсын оқиды.
Сонымен қатар мектеп оқулықтары кезең-кезеңімен жаңартылып, бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы қайта қаралады. Бірінші сынып оқушылары үшін бейімделу кезеңі енгізіліп, оқу жүктемесі азайтылады.
Бұдан бөлек, орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологиялары енгізіле бастайды. Алғашқы кезеңде жоба 500 шағын жинақты мектепті қамтиды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз