Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    21°C
    • Астана
      18°C
Ру

Қазақстан әлемдегі ең қымбат теміржол турларының біріне енді

Фото көзі: : instagram.com/geoex
ZontNews.kz
Маусым 24, 2026, 10:10 Т.Ж.

Қазақстан әлемдегі ең қымбат теміржол саяхаттарының бірі саналатын жаңа туристік бағыттың құрамына енді. Америкалық Geographic Expeditions (GeoEx) компаниясы 2026–2027 жылдарға жоспарланған Ұлы Жібек жолы бойымен өтетін элиталық турға билеттер сатылымын бастағанын хабарлады, деп хабарлайды ZontNews.kz.  Tengri Travel.-ке сілтеме жасап. 

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Golden Eagle люкс пойызымен саяхаттаудың құны екі адамға 53 200 АҚШ долларын (шамамен 26 миллион теңге) құрайды. Ұзындығы шамамен 3 800 шақырым болатын бағыт Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан аумағын қамтиды.

Қазақстандағы маршруттың ең қысқа бөлігі Алматы қаласы арқылы өтеді. Бағдарламаға сәйкес, пойыз елімізде тек Алматыда ғана аялдайды.

Тур бағасына пойыздағы люкс-купеде және бес жұлдызды қонақүйлерде тұру, барлық трансферлер, экскурсиялар, тарихи орындарға кезексіз кіру, кәсіби гидтер мен тарихшылардың сүйемелдеуі, күніне үш мезгіл тамақтану, қызмет көрсетуге арналған шайпұлдар, кеңейтілген медициналық сақтандыру, сондай-ақ виза рәсімдеу мен халықаралық әуе билеттерін ұйымдастыруға көмек кіреді.

Теміржол круизі екі маусымда өтеді. Алғашқы рейс 2026 жылдың 21 қыркүйегі мен 12 қазаны аралығында Бейжіңнен Ташкентке бағыт алса, екінші сапар 2027 жылдың 30 тамызы мен 22 қыркүйегі аралығында кері бағытта – Ташкенттен Бейжіңге дейін жүзеге асырылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз