Қазақстан құрамасы Азиадада үздік сегіздікке енді
Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өткен 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарысын аяқтады. Ұлттық құрама сапынан ең соңғы болып ат спортының өкілдері сынға түсті, деп хабарлайды ZontNews.kz.
4 қазанда кедергілерінің биіктігі 1,50 метрге дейін жететін А санатындағы жеке конкурдың финалдық кезеңінің екінші айналымы өтті.
Олег Соколенко Cinderella атты атымен сынға түсіп, 14-орынға тұрақтады. Ал Нұрила Тұрысбекова Quibelle Van D’Abelendreef атты атымен екінші айналымдағы жарыс жолын аяқтай алмады.
Алтын жүлдені Qapella атты атымен өнер көрсеткен Қатар өкілі Фалех Аладжами жеңіп алды. Күміс жүлде Hudson de Vains атты атымен сынға түскен Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысы Абдулла Альмхейриге бұйырды. Сауд Арабиясының өкілі Халед Альмобти Diana du Plevau Z атты атымен қола жүлдеге ие болды.
Азия ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 84 медаль жеңіп алды. Оның 12-сі – алтын, 24-і – күміс, 48-і – қола.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орынға тұрақтады. Бұл – 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарындағы нәтижеден үш саты жоғары көрсеткіш.
Биылғы нәтиже Қазақстанның халықаралық спорт додаларындағы жұмысын жетілдіру мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз