Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Қазақстан Азиадада сегіз медаль жеңіп алды

Фото көзі: Коллаж: Kazinform
ZontNews.kz
Қаз. 2, 2026, 6 Т.Қ.

Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарының 12-ші жарыс күнінде сегіз медаль жеңіп алды. Спортшыларымыз үш күміс және бес қола медаль иеленді. Жүлделер дзюдо, джиу-джитсу, ескек есу слаломы, теннис және спорттық құзға өрмелеуден бұйырды, деп хабарлайды ZontNews.kz. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында 64 медаль бар. Оның 9-ы алтын, 19-ы күміс және 36-сы қола. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан тоғызыншы орында келеді.

Дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта Ажар Асхат финалға дейін жетіп, Жапония өкілі Рин Маэдаға есе жіберді. Қазақстандық спортшы күміс медаль иеленді.

81 келіге дейінгі салмақта Адилет Алмат та финалда жапон дзюдошысы Сотаро Фудзиварадан жеңіліп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол жарыс барысында жарақат алған.

Дзюдодан Эсмигүл Куюлова 63 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды. Ал 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дана Абдирова қола жүлде үшін белдесуде жеңіліп, бесінші орынға тұрақтады.

Джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алды. 48 келіге дейінгі әйелдер арасында Жібек Құлымбетова қола жүлдеге ие болды.

Ескек есу слаломынан Екатерина Таранцева әйелдер арасындағы байдарка-одиночка жарысында 112,23 секунд нәтиже көрсетіп, үшінші орын алды.

Теннистен Юлия Путинцева жекелей сында жартылай финалға дейін жетті. Ол Қытай өкілі Чжан Шуайдан жеңіліп, турнирді қола жүлдемен аяқтады. Бұл жарыста үшінші орын үшін бөлек кездесу өткізілмейді.

Спорттық құзға өрмелеуден Дамир Тоқтаров «жылдамдық» санатында үшінші орын алып, Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль қосты. Бұған дейін ол іріктеу кезеңінде ұлттық рекордты жаңартқан болатын.

Грек-рим күресінен Ислам Евлоев 97 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті. Алайда Иран өкілі Мехди Балихамзехдеге жол беріп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева жекелей көпсайыстың іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Ерекешева іріктеу қорытындысында бірінші, Ертайқызы төртінші нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз