Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      25°C
Ру

«Қарасора-2026»: Қызметтік иттер 90 есірткі қылмысының жолын кесті

Фото көзі: Қазақстан Республикасы ІІМ
Zontnews.kz
Шілде 20, 2026, 10:15 Т.Ж.

Ішкі істер министрлігі «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын жалғастыруда, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Маусым айынан бері қарасора өсетін өңірлерде полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері бірлесіп жұмыс жүргізуде. Операция барысында тікұшақтар, дрондар және ғарыштық мониторинг технологиялары қолданылады.

Ерекше бақылауға алынған Шу өңірінде дрондардың көмегімен жабайы қарасораның ондаған ошағы анықталып, жойылды.

ІІМ мәліметінше, қызметтік иттердің көмегімен 90 есірткі қылмысының жолы кесілді. Автожолдарда, теміржол нысандарында және есірткі тасымалдануы мүмкін бағыттарда жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 550 келіге жуық түрлі есірткі заттарының заңсыз айналымына тосқауыл қойылды.

Министрлік «Қарасора-2026» операциясы аясындағы есірткі қылмысына қарсы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз