Қайрат Боранбаевтың Лондонға қалай барғаны түсіндірілді
Қазақстандық кәсіпкер, «Қайрат» футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев 26 қазанда Лондонда өткен «Алтын доп» марапатын табыстау рәсімінде көзге түсті. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті оның сапарға шыққан кезінде жазасын өтеуге және пробациялық бақылауға байланысты шектеулердің күшін жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. Nege.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымда сот Боранбаевты бас бостандығын шектеу түріндегі жазасының қалған бөлігін өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырған.
18 маусымда ол пробация қызметінің есебінен шығарылған.
«Қазіргі уақытта оған қатысты жазаны өтеуге және пробация қызметінің бақылауына байланысты шектеулер жоқ», – делінген ҚАЖК-нің Nege.kz сауалына берген жауабында.
Осылайша, Лондонға барған кезде Боранбаев пробациялық бақылауда болмаған. Жазаны орындау шеңберінде оның шетелге шығуына қатысты да шектеулер қойылмаған.
2023 жылғы қыркүйекте Боранбаев қаржы жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру ісі бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылған еді. Кейін сот жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырды.
26 қазанда кәсіпкер Лондонда өткен «Алтын доп» марапатын табыстау рәсіміне қатысты. Оны іс-шараның ресми трансляциясы кезінде көрермендер байқап қалған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз