Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Испания мен Португалия 1/8 финалда жолығады

Фото көзі: : Getty Images
ZontNews.kz
Шілде 3, 2026, 9:15 Т.Ж.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Испания мен Португалия келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Испания АҚШ-тың Инглвуд қаласында өткен кездесуде Австрияны 3:0 есебімен сенімді жеңді. Микель Оярсабал дубль авторы атанса, тағы бір голды Педро Порро соқты. Осылайша, испандар 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіске жетті.

Ал Португалия Канададағы Торонтода өткен тартысты матчта Хорватияны 2:1 есебімен ұтты. Алғаш болып Иван Перишич есеп ашқанымен, Криштиану Роналду пенальтиден таразы басын теңестірді. Ал жеңіс голын қосымша уақыттың төртінші минутында Гонсалу Рамуш соқты.

Хорватияның қосымша уақытта соққан добы VAR тексерісінен кейін офсайдқа байланысты есепке алынған жоқ.

Енді Испания мен Португалия 1/8 финалда кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен 6 шілдеден 7 шілдеге қараған түні өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз