Әйелін жарақаттаған ер адам 330 мың теңге төлейді
Жамбыл облысында сот әйеліне дене жарақатын салған ер адамды оның емделуіне жұмсалған қаражатты мемлекетке өтеуге міндеттеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мойынқұм аудандық соты прокурордың жергілікті тұрғыннан емдеу шығындарын өндіріп алу туралы талап арызын қарады.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам жұбайының денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірген. Зардап шеккен әйел аудандық ауруханада ем қабылдаған. Оған медициналық көмек көрсетуге мемлекет 330 мың теңге жұмсаған.
Бұған дейін ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша іс қозғалған. Алайда тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.
Ер адам емдеу шығындарын өз еркімен өтемеген соң, прокурор сотқа жүгінген. Сот талапты қанағаттандырып, одан 330 мың теңге мен мемлекеттік бажды өндіру туралы шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз