Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Ясмина Тоқсанбаеваның алтын нәтижесі жойылды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қыр. 28, 2026, 10:25 Т.Ж.

Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті әйелдер арасындағы марафондық спорттық жүру жарысының қорытындысын бекітті. Қазақстандық Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі жойылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.  

27 қыркүйекте өткен жарыста Ясмина Тоқсанбаева мәреге бірінші болып жеткен еді. Алайда кейін оның нәтижесіне наразылық білдірілді.

Азия ойындарының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, тексеруден кейін қазақстандық спортшының нәтижесі есептен шығарылған. Бұған экипировкаға қатысты регламент талаптарының бұзылуы себеп болған.

Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті World Athletics ұйымы Тоқсанбаеваның жарыс аяқ киімінің рұқсат етілген жабдықтар тізіміне кіретінін растағанын хабарлаған еді.

Спортшы Instagram желісіндегі парақшасында нәтижесінің жойылғанын растады.

«Осындай өтпелі эмоцияларым үшін кешірім сұраймын. Мен алтын медаль сыйлағым келген еді. Бірақ Алланың ісіне ешкім қарсы тұра алмайды. Бұл жағдай мені арманыма жету жолынан тоқтатпайды. Нәтиже жойылды. Біз соңына дейін күрестік.
Мен үшін соңына дейін күрескен барлық суперқаһармандарыма алғыс айтамын! Жеке бапкерімнен бастап, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бүкіл құрамына және спорт министріне дейін рақмет. Бүгін менің жүрегім мың бөлшекке бөлінді», – деп жазды Тоқсанбаева.

Қазақстандық спортшының нәтижесі жойылғаннан кейін алтын медаль қытайлық Данцзин Цюйцзунға берілді. Оның отандасы Ли Ма күміс жүлдеге ие болса, жапониялық Юкико Умено қола медаль алды.

Қазақстан құрамасының қоржынында Азия ойындарының тоғыз алтын медалі бар. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бесінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз