Сәрсенбі, 6 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    12°C
    • Астана
      15°C
Ру

Геологиялық барлауға 280 млрд теңге тартылды

Фото көзі: : ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Сәуір 3, 2026, 6 Т.Қ.
0
24

Соңғы үш жылда Қазақстанда геологиялық барлау саласына шамамен 280 млрд теңге жеке инвестиция тартылды. Бұл туралы GECA 2026 халықаралық геологиялық форумында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz

Үкімет басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салада ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Олар инфрақұрылымды дамытуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған.

Оның айтуынша, жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын іске қосу маңызды қадам болды. Бұл қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырды. Сонымен қатар «бірінші келді – бірінші алды» қағидаты енгізіліп, лицензия беру рәсімі едәуір жеңілдетілген.

Премьер-министрдің сөзінше, халықаралық есептілік стандарттары енгізіліп, геологиялық зерттеу тәсілдері жетілдірілуде. Атап айтқанда, 1:50 000 масштабтағы геофизикалық карталар әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров елдегі геологиялық барлауға салынған жалпы инвестиция көлемі 433 млрд теңгеге жеткенін хабарлаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз