Сәрсенбі, 6 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    12°C
    • Астана
      14°C
Ру

Ермұрат Бапи: «Псевдодіни уағызшылар жастарға қауіп төндіріп отыр»

Фото көзі: Ulysmedia.kz коллажы
ZontNews.kz
Сәуір 1, 2026, 1:07 Т.Қ.
0
21

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жалған діни авторитеттердің қоғамға кері әсері туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Депутаттың айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде таралған кейбір діни мазмұндағы мәлімдемелер ұлттық құндылықтар мен заң талаптарына қайшы келеді. Мысал ретінде ол бірнеше әйелі барын айтып, бірін шәкіртіне «сыйға тартқан» имамның әрекетін және Наурыз мейрамын харам деп жариялаған блогердің пікірін сынға алды.

Бапи мұндай әрекеттерді тек моральға жат емес, сонымен қатар заң бұзушылық ретінде бағалау керектігін атап өтті. Оның пікірінше, адамды «сыйға тарту» – адам саудасымен тең қылмыс болуы мүмкін.

Сондай-ақ депутат Наурызды жоққа шығаратын пікірлерді қазақ халқының ғасырлар бойғы дәстүріне, мәдениеті мен ұлттық бірегейлігіне қарсы әрекет деп атады.

Ол мұндай уағыздардың жастарға кері әсер етіп жатқанын айтып, бұл үрдіс ел болашағына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

– Мұндай псевдодіни топтар жастардың санасына теріс ықпал етіп, оларды ұлттық құндылықтардан алыстатуы мүмкін, – деді ол.

Осыған байланысты Ермұрат Бапи құзырлы органдар мен діни ұйымдарға үн қатып, цифрлық кеңістікте белсенді жұмыс жүргізіп, қоғамды жалған діни уағыздардан қорғауға шақырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз