Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    17°C
    • Астана
      20°C
Ру

Дубайда қазақстандыққа өмір бойы түрме жазасы кесілді

Фото көзі: : reewungjunerr/Depositphotos.com
ZontNews.kz
Сәуір 22, 2026, 12:35 Т.Қ.
0
13

Дубай соты Қазақстан азаматы Ернұр Алмаханды бірнеше ауыр қылмыс бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, үкім 18 наурызда Дубай қаласындағы бірінші сатыдағы сотта жарияланған. Сонымен қатар сот айыппұл да тағайындаған.

Алайда сотталған азамат апелляциялық шағым түсіргендіктен, үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан елшілігі Біріккен Араб Әмірліктері органдарына ресми сұрау жолдап, жауап күтуде. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмекті көрсетіп жатыр.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ернұр Алмахан 2024 жылы жұмыс істеу мақсатында БАӘ-ге барған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз