Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    18°C
    • Астана
      21°C
Ру

Дәрігер Бақыт Түменова дүниеден өтті

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Сәуір 29, 2026, 6 Т.Қ.
0
12

Белгілі дәрігер, КСРО денсаулық сақтау саласының үздігі, «Аман-Саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова 78 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды заңгер Рафаэль Гасанов жеткізді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Бақыт Түменова 1966–1972 жылдары Семей мемлекеттік медицина институтында педиатрия мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын Семей қаласындағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында бастап, дәрігер, бөлім меңгерушісі және бас дәрігер қызметтерін атқарды.

1986–1994 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасында ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында жұмыс істеп, кейін бірінші орынбасар қызметіне дейін көтерілді.

1994–1998 жылдары облыс әкімдігі аппаратында Семей ядролық полигоны зардаптарын жою, әлеуметтік және ішкі саясат бағыттарын басқарды. Ал 1998–2001 жылдары Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды.

2007 жылдан бастап «Аман-Саулық» қоғамдық қорын басқарып, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз