Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Дональд Трамп Тоқаевты Республика күнімен құттықтады

Фото көзі: : Ақорда
ZontNews.kz
Қаз. 27, 2026, 6 Т.Қ.

Республика күніне орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптың құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ Президенті кейінгі бір жылда Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы серіктестіктің нығая түскенін атап өтті. Оның айтуынша, ынтымақтастық халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап, екі елге де тиімді коммерциялық келісімдерге дейінгі бағыттарды қамтиды.

«1991 жылы халықаралық аренада Қазақстанды егемен ел ретінде бірінші болып Құрама Штаттар таныған болатын. Сондықтан еліңіздің тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның таңғаларлық экономикалық табыстарына америкалық компаниялар да зор үлес қосып келеді. Елдеріміз арасындағы берік достық ұзақ жылдарға жалғасатынына сенімдімін», – деп жазды Дональд Трамп.

Сондай-ақ АҚШ Президенті желтоқсан айында өтетін G20 саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді асыға күтетінін жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз