Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    29°C
    • Астана
      20°C
Ру

Данияр Елеусінов өміріндегі сынағын мойындады

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Там. 19, 2026, 11:20 Т.Ж.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өміріндегі күрделі кезең туралы айтып, алкогольге әуестігі бар екенін мойындады. Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Елеусіновтің сөзінше, ішімдікке әуестігі уақыт өте келе күрделі мәселеге айналған. Ол алкоголь ішкен күйінде жол апатына түскенін де жасырмады.

Спортшы мұндай жағдайды сырттан сынау оңай екенін айтып, адамның басына түспейінше өзгенің мәселесін толық түсіну қиын екенін жеткізді. Сондай-ақ ол кезінде өзі де мұндай жағдайларға жеңіл қарағанын атап өтті.

Олимпиада чемпионы спорттағы жетістіктеріне қарамастан, әр адамның өмірде өзіндік сынағы болатынын айтты. Оның пікірінше, біреу спортта биік белестерді бағындырса, енді бірі басқа салада жетістікке жетуі мүмкін.

Елеусінов көпшілікті өзгенің жағдайын білмей тұрып сынамауға шақырды.

Бұған дейін БАҚ-та Данияр Елеусіновтің Астанада бірнеше жол-көлік оқиғасынан кейін қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз