Бағдат Әміреев ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары болды
Қазақстандық дипломат Бағдат Әміреев Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының әкімшілік және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болып сайланды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Шешім Ирак астанасы Бағдадта өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 52-сессиясында қабылданды. Бағдат Әміреевтің кандидатурасын ұйымға мүше мемлекеттер бірауыздан қолдады. Қазақстандық дипломат отырыс барысында ант қабылдап, ресми түрде қызметіне кірісті.
Қазақстан өкілінің БҰҰ-дан кейін мүше мемлекеттер саны бойынша екінші орында тұрған ірі үкіметаралық ұйымның басшылық қызметіне сайлануы елімізге деген жоғары сенімді және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесінің мойындалғанын көрсетеді.
ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл шешім Қазақстан мен ИЫҰ арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға, сондай-ақ ұйымға мүше елдердің мүддесіне сай бірлескен бастамаларды ілгерілетуге ықпал етеді деп сенеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз