Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    6°C
    • Астана
      -4°C
Ру

ҚазҰУ азаматтарға жаңа Конституция жобасын түсіндіруде белсенділік танытып отыр

Фото көзі: sputnik.kz
ZontNews.kz
Ақп. 27, 2026, 4:10 Т.Қ.
0
17

Елде жүріп жатқан конституциялық реформаны қоғамға кеңінен түсіндіруде жоғары оқу орындары маңызды рөл атқарып отыр. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Конституциялық комиссия мүшесі Еркін Дүйсенов мәлімдедідеп хабарлайды ZontNews.kz.

Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасын әзірлеу кезеңінің өзінде университет ғалымдары белсенді жұмыс атқарған. Конституциялық комиссия құрамында ҚазҰУ атынан ректор Жансейіт Түймебаев пен Еркін Дүйсенов қатысып, кәсіби заңгерлер мен конституциялық құқықты зерттеушілер реформаның мазмұнын қалыптастыруға елеулі үлес қосты.

Профессордың сөзінше, бүгінде қоғамда жаңа Конституция жобасының жекелеген нормаларына қатысты сұрақтар аз емес. Осыған байланысты университеттерге азаматтарды құқықтық тұрғыдан ағарту және түсіндіру міндеті жүктеліп отыр. ҚазҰУ-де бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде: күн сайын сайлаушылармен және еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылып, заң факультетінің шамамен 100 оқытушысы түсіндіру науқанына тартылған. Сондай-ақ студенттер де пікірталастар мен ақпараттық кездесулерге белсенді қатысуда.

Еркін Дүйсенов еліміздің өзге де жоғары оқу орындары осы бағытта жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, референдум қарсаңында университеттер ғылыми ой мен құқықтық түсіндірудің негізгі орталықтарына айналып отыр. Бұл ретте кәсіби заңгерлердің рөлі айрықша, себебі жаңа Конституцияның мәні мен артықшылықтарын халыққа дәл әрі түсінікті жеткізу – үлкен жауапкершілік.

Сондай-ақ ол ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстары университет қызметінің басым бағыттарының біріне айналғанын айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз